Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй және коммуналдық мәселелер бойынша Call-орталығы ашылды. Заманауи ақпараттық құрылғылармен жабдықталған бірыңғай орталықтың Call-орталығындағы мамандар оңтүстікқазақстандық тұрғындардан келіп түскен ауызсу, электр жарығы, көгілдір отын, жылу және кәріз жүйелері бойынша өтініштерге шұғыл түрде жауап беретін болады. Арыз-шағымдар бойынша 8(7252)-39-55-55 байланыс нөмірі қызмет етеді. Бірыңғай байланыс орталығы 09:00-19:00 аралығында жұмыс істесе, жылу маусымы кезінде тәулік бойы өтініштер қабылданады.
БІШКЕКТЕ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-НІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жасаған ресми сапарының бағдарламасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу...