• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Мамыр 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба Ұлттық электр желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сайрам ауданында Олжас Бектенов еліміздегі ең ірі газ электр стансасының құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Жоба жалпы қуаты 1000 МВт болатын 4 газ турбинасы, 4 кәдеге жарату қазандығы және 2 бу турбинасын қамтиды. Қолданылып отырған бу-газ қондырғысы технологиясы пайдаланылған газ жылуын іске асырып қосымша электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді және заманауи жылу энергетикасындағы ең тиімді әрі экологиялық таза технологиялардың бірі саналады. Стансаның артықшылығы – оның жоғары маневрлі қабілетінде және желіде тапшылық туындаған жағдайда жетіспейтін қуатты жедел түрде толықтыру мүмкіндігінде. «Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында жаңа қуат көздерін іске қосу бүгінгідей энергияны көп қажет ететін экономиканы дамыту үшін тиісті шарт екенін атап өтті. Тіршілікке қажетті жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және орнықты энергетикалық базаны қалыптастыру – Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі. Түркістан облысының қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз, өңірдің өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында әлеуеті жоғары. БГҚ жобасын жүзеге асыру оңтүстік өңірге қосымша қуат резервін құруға және энергия жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді. Салынып жатқан станция өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды элементіне айналып, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға негіз болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министрге жобаның ағымдағы жағдайы туралы баяндалды. «Түркістан БГҚ» ЖШС («Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес ұйымы) басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов нысанды 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады. Бүгінгі таңда негізгі нысандардың, оның ішінде бас ғимарат пен тарату құрылғыларының іргетастары дайын. Бас ғимараттағы жобада көрсетілген орындарға генераторлары бар төрт газ турбинасы (Siemens Energy) орнатылған. Жобаның бас мердігері – қазақстандық және оңтүстік кореялық компаниялардан құрылған консорциум. Құрылыс алаңында 1 мыңнан астам адам және 150 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылған. Тігінен құрастырылатын құрылыс нысандары салынуда: ғимараттардың қаңқалары монтаждалып, металл конструкциялар орнатылуда, қабырғалар қапталып және тағы да басқа жұмыстар жүргізіліп жатыр. Электр стансасының негізгі технологиялық жабдықтары толық көлемде жеткізілген. Жоба іске қосылған соң 600-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазіргі уақытта Түркістан облысы бойынша электр энергиясын тұтынудың орташа көлемі 445 МВт-ты құрайды, ал ішкі генерация көлемі 136,5 МВт деңгейінде. Стансаны іске қосу өңірдегі қуат тапшылығын толығымен жабуға және ең жоғары жүктемелер кезеңінде энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда өткен жылы 123,1 млрд кВт·сағ электр энергиясы өндірілді (2024 жылы – 117,9 млрд кВт·сағ). «Текелі энергокешені» ЖШС-да үш газ турбиналық қондырғының құрылысын аяқтау және «Топар басты энергия тарату стансасы» ЖШС-да ескірген турбоагрегатты ауыстыру қосымша 166 МВт қуат өндіруге мүмкіндік берді. Биыл жаңа генерацияны іске қосу арқылы 1980 МВт электр энергиясын қамтамасыз ету және алмастыру аясында 683 МВт қуат енгізу жоспарланып отыр. Премьер-министр Энергетика министрлігіне «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен бірлесіп, барлық төрт газ турбинасын іске қосу мерзімдерін сақтай отырып, экологиялық талаптарды орындауды және желілік инфрақұрылыммен үйлестіруді қамтамасыз ете отырып, бу-газ электр стансасын салу жобасын уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.