Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мәди Бәкірұлы Атамқұлов 1974 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы басқару Академиясын бітірген. Инженер-металлург, халақаралық қатынастар магистрі. Дипломаттық дәрежесі — Екінші сыныпты кеңесші. Мемлекеттік емес секторда әр түрлі лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. Бұл тағайындауға дейін ҚР Парламенті Сенат Аппараты Басшысының орынбасары болып еңбек еткен.