• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

36 ЖАСЫНДА 10 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТАНДЫ

05.11.2026
0

Шымкенттік тұрғын 36 жасында 10 баланың анасы атанды. Бұған дейін екі жүктілігінде егіз босанған көпбалалы ана бұл жолы үшемді дүниеге әкелді. Осылайша, бір үйдің ғана емес, тұтас әулеттің қуанышы еселенді. Ал сүйінші хабарды естіген ағайын-тума да перзентханаға түгел жиналып, сәбилердің анасын думандатып шығарып алды десек те болады.

17 қыркүйекте батыр ана Ажар Ташқараева екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді. Үш сәбиге Альсия, Сафия және Аймұхаммед есімдері берілді. Бұған дейін бес мәрте құрсақ көтерген Ажар жеті перзенттің анасы еді. Үшемнің дүниеге келуімен 36 жастағы ананың бала саны онға жетті.

Алты ұл мен төрт қыздың анасы атанған Ажар 10 қыркүйекте қалалық перинаталдық орталыққа түскен. Арада бір апта өткенде, яғни 17 қыркүйекте, үшемді кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелді. Ота жасауға орталықта 2011 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан акушер-гинеколог Дәулет Яминұлы қатысқан. Қыздардың бірі 1 келі 700 грамм, екіншісі 1 келі 400 грамм салмақпен туса, ұлдың салмағы 1 келі 700 грамм болған. Сондай-ақ күрделі операцияға жоғары және орта санатты 15-ке жуық медицина маманы қатысқан.

Әке қуанышында шек жоқ. Екі қыз бен бір ұлдың әкесі атанған азамат енді он перзенттің қамқоршысы. Десе де, көпбалалы әке үшін ең бастысы – жарының амандығы мен сәбилерінің саулығы.

Қуанышты сәтке Ажардың бауырлары мен жақындары да ортақтасты. Қолдарына гүлшоқтарын ұстап, ақ тілектерін арқалай келген ағайын сәбилерді шаттықпен қарсы алды. Тіпті анасын сағынған жеті перзенті де бұл сәтті асыға күткен.

Айта кетейік, қалалық перинаталдық орталықта биыл екінші рет үшем дүниеге келді. Ал Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері төртінші үшем тіркеліп отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОРЖЫНҒА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ТҮСТІ

ҚОРЖЫНҒА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ТҮСТІ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Спорт қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Халықаралық додада бақ сынаған отандасымыз тартысты бәсекеде қола медальға ие болды. Байрақты бәсекеде ел...

ӨНДІРІС ЭКОНОМИКАСЫ ӨРКЕНДЕДІ

ӨНДІРІС ЭКОНОМИКАСЫ ӨРКЕНДЕДІ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...

БАТЫР ЕСІМІН ҰЛЫҚТАҒАН БӘСЕКЕ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкенттік оқушылар республикалық чемпионаттан олжалы оралды. Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ерлігіне тағзым еткен бәсекеде өңірден қатысқан командалар унифайт спорт...

100 КӨШЕТПЕН ТҮЛЕГЕН МЕКТЕП АУЛАСЫ

100 КӨШЕТПЕН ТҮЛЕГЕН МЕКТЕП АУЛАСЫ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

№150 жалпы білім беретін мектепте «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында акцияның шымылдығы салтанатты түрде ашылды. Экология, өлкетану және туризм орталығының...

ЗАУЫТТАРДАН АУА СЫНAМАСЫ АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Өндіріс өркендеген сайын экологияға түсетін салмақ та арта түседі. Дегенмен зауыттардан тарайтын қалдықтар мен ауа сапасы – назардан тыс қалмауы...

ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ОРДАСЫ

ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ОРДАСЫ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Заманында сөз қадірін білген жұрт кітапты қазынаға балаған. Бүгінде сол үрдістің үзілмеуіне, жас өреннің зердесі толысып, парасатының артуына Мемлекет басшысының...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.