• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Тамыз 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТЕРМЕЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАВИЛЬОН АШЫЛДЫ

17.03.2025
0

2025 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратовтың екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.       Келіссөздер барысында тараптар жалпы сомасы 7 миллиард долларды құрайтын Жол картасы жобаларын іске асыру, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының нормативтік-құқықтық базасын дамыту және UZKAZTRADE бірлескен кәсіпорнының қызметін кеңейту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету және екі елдің бизнесін қолдаудың жаңа құралдарын құру мәселелері сөз болды.

Министрлер 2030 жылға дейін өзара сауданы 10 миллиард долларға дейін арттыру бағдарламасына қол қойып, 2025 жылға арналған Қазақстан мен Өзбекстан өңірлерінің өзара сапарлар кестесін бекітті. Бұл өңіраралық ынтымақтастықты жандандырып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Осы серіктестіктің нәтижесінің бірі – Термез халықаралық сауда орталығы аумағында Қазақстан павильонының ашылуы болды.

«Бүгінгі шара – Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығаюының жарқын көрінісі. Екі елді тек көршілестік қана емес, әртүрлі салалардағы қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастық біріктіреді», – деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Салтанатты шараға Өзбекстан Инвестициялар және өнеркәсіп министрінің орынбасары Хуррам Тешабаев, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов, Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Газиз Ақбасов, Ауғанстан кәсіпкерлер палатасының аға заңгерлік және халықаралық кеңесшісі Хаджи Каландар Рахими және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Павильон – «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ құрған қазақстандық шикізаттық емес экспортты ілгерілетудің шетелдік инфрақұрылымының бір бөлігі. Ол қазақстандық тауарларды таныстыру, өткізу нарықтарын кеңейту, жаңа сауда келісімдерін жасау және бизнес қауымдастықтары арасындағы байланысты нығайту үшін негізгі алаңға айналады.

Қазіргі уақытта павильонда қазақстандық өндірушілердің азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарлары ұсынылған. Ал екі елдің өңір басшыларының сапарлары басталғаннан кейін өзбекстандық тұтынушыларға ұсынылатын қазақстандық өнімдердің ассортименті кеңейеді.

Термездегі павильон – Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған стратегиялық қадам.

Қазақстан Үкіметі экспортты қолдау, логистиканы жеңілдету және сауданы цифрландыру арқылы кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау жұмысын белсенді түрде жалғастыруда.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

  Әл-Фараби ауданында жауын-шашын кезінде су жиналып, ирригациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл...

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

Шымкентте саябақтар мен көшелерде қаңғыбас иттер қаптаған. Мамандардың айтуынша, мәселенің бір ұшы — жануарларды бақылаусыз қалдыратын тұрғындардың өзінде. Дендрологиялық саябақта...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.