Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫ САРАЛАНДЫ
    Жаңалықтар

    АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫ САРАЛАНДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.11.2024Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық көрсеткіші 12 пайызды құрады. Екі индустриалдық аймақ ашылып, 293 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 80 мың астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметтің көшпелі баспасөз конференциясында үшінші мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.

    Күні кеше үшінші мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков журналистерге баспасөз конференциясын өткізді Онда ағымдағы  жылдың он айында атқарылған жұмыстар сараланды. Қала басшысының айтуынша қала экономикасының өсіміне тартылған инвестиция көлемі, құрылыс жұмыстары, тұрғын үйлердің аумағы, сауда көлемі, көлік қызметі, өнеркәсіп өндірісінің артуы ықпал еткен. Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында биыл 78,2 млрд теңге құрайтын 16 жобаның 12-сі іске қосылып, 67,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Осы жобалар нәтижесінде 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Қалада 438 гектар аумақта екі жаңа индустриалды аймақ іске қосылды. Біріншісі — мұнда құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсіптері шоғырланған «Жұлдыз» индустриалды аймағы, екіншісі — «Бозарык» тамақ өнеркәсібі аймағы.

    Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының азаюы мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі айтарлықтай экономикалық жетістіктерді көрсетеді. Қала әкімінің мәлімдеуінше, 45 мыңнан астам адамды қамтыған жұмыспен қамту шараларының арқасында 32 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналасып, жұмыссыздық деңгейі 4,9%-дан 4,8%-ға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіштер, сондай-ақ, өңірдің экономикалық жағдайының жақсаруы мен халықтың өмір сүру деңгейінің артуына ықпал етіп отыр. Жалақының өсуі бағытында қабылданып жатқан жүйелі шаралар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етуде.

    «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкентте 18 мектеп салу жоспарлануда. Оның ішінде 3 200 орындық 2 мектеп ашылып, 10 мектептің құрылысы жүріп жатыр. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан» 3 мектепке 7,9 млрд теңге бөлінді. Инвесторлар есебінен 2 800 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді. Тұран шағын ауданында 500 орындық Оқушылар сарайының құрылысы 80%-ға аяқталды. Биыл 4 мектеп және 1 колледж күрделі жөндеуден өтуде, олар жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Мегаполисте денсаулық сақтау саласында да қызмет сапасын арттыру бүгінде жақсы қолға алынған.

    Инженерлік инфрақұрылым мегаполис болғанына 6 жыл уақыт өтсе де Шымкент қаласы үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі кезінде қала аумағына енген Түркістан облысының іргелес аудандардың елді мекендерінде дәл осы инфрақұрылым мәселесі жыларман хәлде болатын. Дегенмен, кезең-кезеңімен аталмыш мәселе де өз шешімін тауып келеді.

    Салық ұлттық табыстың бір бөлігі. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, соңғы 3 жылда салықтық түсімдер 2,5 есеге өскен. Биыл қалалық бюджет көлемі 779 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 123 млрд теңгеге артқан. Мақсат — қаланың экономикалық белсенділігін арттырып, республикалық бюджеттен тәуелділігін азайту. Бұл үшін кірістер органдарымен жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

    Қаладағы 3 мың коммерциялық нысанға талдау жасалып, олардың нарықтық құнын заңдастыру нәтижесінде 58 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Сонымен қатар, қала базарларындағы табыс көлемі 115 млн теңгеден 1,3 млрд теңгеге артты.

    Қала әкімі баяндамасынан соң журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Соның бірі бүгінде көлік қатары жылдан жылға артып келе жатқан мегаполисте кептеліс мәселесі.

    Жалып 46 журналистен жолданған 100-ге жуық сұрақтарға мегаполис мэрі толыққанды жауап беруге тырысты. Өзінің жеке басына қатысты қойылған сұрақтарға да шынайы жауап қатып, қанағаттандырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.