• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ШАХМАТТАН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ГРАН-ПРИ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

15.11.2024
0

Шымкентте Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) және Freedom Holding Corp. компаниясының қолдаумен KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған беделді турнир – әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы ФИДЕ Гран-приінің екінші кезеңінің қорытындысы салтанатты түрде шығарылды. Турнир 29 қазан күні шымылдығын түрген болатын. Тартысты доданың ашылу салтанатында елімізге белгілі дизайнер Аида Қауменова дәл осы жарысқа арнап әзірлеген шахмат тақырыбындағы таңдаулы және сәнді әйелдер киімінің топтамасын қатысушылар назарына ұсынған болатын.

«Шахмат ойнаудың бай мұрасына ие Шымкент қаласы ФИДЕ қамқорлығымен өтетін әйелдер арасындағы ең беделді турнирлердің бірін қабылдаған орынға айналды. Осынау жоғары деңгейлі жарыс өткізу арқылы жаһандық шахмат сахнасындағы Қазақстанның позициясын нығайтып, өңір-өңірдегі мыңдаған жас спортшыны жаңа жетістікке жетуге шабыт беріп отырғанымызды мақтан тұтамыз. Турнирдің сәтті аяқталуын әділ жолмен жеңіске жету және осы игі ойынды дамыту үшін федерациялардың, үкіметтің және бизнестің арасында нәтижелі ынтымақтастық орнауының дәлелі деп есептеймін», — деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Қызықты да тартысты өткен 9 турдың нәтижесі бойынша FIDE Women’s Grand Prix Series 2024-2025 екінші кезеңінде жарысқа ФИДЕ туы аясында қатысқан Александра Горячкина (2533) бәрінен басым түсті (7 ұпай). Одан жарты ұпай аз жинаған әлемнің экс-чемпионы Тань Чжунъи (Қытай, 2551) екінші орынға шықты. Қазақстанның әйелдер құрамасының көшбасшысы, 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері Бибісара Асаубаева (2487) Тбилисиде өткен 1-ші кезеңдегідей жүлдегер атанды, бірақ бұл жолы ол 3-ші орынды иеленді.

Турнирдің барлық 9 турында шахмат жанкүйерлері әсерлі ойынға бар ықыласын аударып, нәтижесін тағатсыздана күтумен болды. Rixos Khadisha қонақ үйінің турнир залында турнирге қатысудың мол тәжірибесі бар әйгілі 10 шахматшы: гроссмейстерлер Тань Чжунъи (Қытай, 2551), Александра Горячкина (FIDE, 2533), Хампи Конеру (Үндістан, 2530), Катерина Лагно (FIDE, 2527), Элизабет Петц (Германия, 2458) және халықаралық шеберлер Бибісара Асаубаева (Қазақстан, 2487), Ставрула Цолакиду (Грекия, 2439), Дивья Дешмух (Үндістан, 2501), Нургюль Салимова (Болгария, 2405) және Батхуягийн Монгонтуул (Моңғолия, 2344) айналма жүйе бойынша бір-бірімен жарысты.

8 қарашада жарыстың жабылу іс-шарасы да салтанатты жағдайда өтіп, оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, KazChess бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов, ФИДЕ, федерацияның және оның бас серіктесі – Freedom Holding Corp.  команиясының өкілдері, танымал кәсіпкерлер мен беделді тұлғалар қатысты.

«Бүгін біз халықаралық әйелдер шахмат турнирінің сәтті аяқталуына куә болдық. Бұл жарыс тек спорттық бәсекелестік қана емес, әйелдер шахматын дамыту, жаңа таланттарды ашу және өзара достық қарым-қатынастар орнату алаңы болды. Баршаңызға, әсіресе жеңімпаздарға, адал күресіп, тамаша нәтижелер көрсеткендеріңіз үшін үлкен алғыс айтамын. Әрбір қатысушының еңбегі мен табандылығы бізге көптеген жаңа сабақтар берді, және бұл жеңістер мен жеңілістер шахмат әлеміндегі жаңа жетістіктерге жол ашатыны сөзсіз», — деп атап өтті Қуаныш Асылов.

Әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приі – ақшалай жүлдесінің қомақты болатынымен ерекшеленетін турнир. Алты кезеңнің әрқайсысының қоры 80 000 еуроға тең, бірінші орын алған шахматшыға оның 18.000 еуросы табыс етіледі, екінші орынның жүлдесі – 13.000 еуро. Бүкіл турнир сериясының жалпы жүлде қоры – рекордтық $600 000, оның $120.000 жалпы есепте үздік болған он ойыншыға үлестіріледі. Классикалық шахмат бойынша Гран-при ақшалай жүлдесімен ғана емес, рейтингті жоғарылату мүмкіндігімен де аса құнды, бұған қоса серияда жеңіске жеткен жағдайда әлемдік шахмат тәжін иеленуге жол ашылатын келесі үміткерлер турниріне (FIDE Women’s Candidates 2026) жолдама алуға болады.

Әйелдер арасындағы Гран-Придің 2024-25 жылдар сериясының 2-ші кезеңінің 9 турының қорытынды кестесіне назар аударсақ: 1. GM Александра Горячкина (ФИДЕ, 2533) – 7 ұпай; 2. GM Тань Чжунъи (Қытай, 2551) – 6½; 3. IM Бибісара Асаубаева (Қазақстан, 2487) – 5; 4. IM Ставрула Цолакиду (Грекия, 2439) – 5; 5. GM Хампи Конеру (Үндістан, 2530) – 4½; 6. IM Дивья Дешмух (Үндістан, 2501) – 4½; 7. GM Катерина Лагно (ФИДЕ, 2527) – 4; 8. IM Нургюл Салимова (Болгария, 2405) – 3½; 9. GM Элизабет Петц (Германия, 2458) – 2½; 10. IM Батхуягийн Монгонтуул (Моңғолия, 2344) – 2½.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.