Түркістан облысында ағымдағы жылдың 6 айында 2551 қылмыстық құқық бұзкшылық тіркеліп, өткен жылдың есептік мерзімімен салыстырғанда 2,3 пайызға төмендеді. Оның ішінде қылмыс саны 7,9% жалпы ұрлық қылмыстары 516-дан 330-ға азайған. Пәтер ұрлығы 43,5%, мал ұрлығы қылмысының саны 95,50% төмендеген. Бұзақылық қылмыстары болса 23,4% қысқарған.
Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов аппарат пен облысқа қарасты аудандық, қалалық полиция басшыларының жұмысын пысықтады. Яғни үлкен мәжіліс залында өткен кеңесте 2024 жылдың 6 айында тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыстың нәтижелерін қарады. Департамент бастығының орынбасарлары өздеріне бекітілген құрылым бойынша баяндамалар жасап есеп берді.
Жиын соңында полиция генерал майоры Мұрат Қабденов жеке құрамға балалар қауіпсіздігі, алаяқтық қылмыстары мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Себебі бүгінгі күннің басты мәселесі осылар болып тұр. Сондай-ақ 15 бағыт бойынша нұсқаулар беріп, жыл соңына дейін оң нәтижеге жетуге бағыттады