ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметінше, Қостанай облысында 103 жеке тұрғын үй салынып аяқталды. Мәселен, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Амангелді ауданының Қарасу ауылында екі жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, иелеріне жаңа үйдің кілттері тапсырылды.












