Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың а.ж. 22 тамызында Душанбе қаласына сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық делегацияның Тәжікстанға сапары барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев екі меморандумға қол қойды:
-
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
-
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Сәулет және құрылыс комитеті арасындағы құрылыс саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.Меморандумдар екі ел арасындағы жеңіл, тау-кен, химия өнеркәсібі, машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру салаларындағы өзара әрекеттестікті дамытуға және тереңдетуге бағытталған. Тараптар өз құзыреттері шегінде өнеркәсіп саласындағы Тараптардың уәкілетті органдары арасында тікелей байланыстар орнату үшін жағдайлар жасауға жәрдемдесетін болады. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы берік және өзара тиімді қарым-қатынастардың қалыптасуына оң әсерін тигізеді.