Тұран ауданына қарасты Бадам өзенінің бойы күл-қоқыстан тазартылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын болашақ ұрпаққа үздіксіз насихаттау мақсатында «Таза бейсенбі» жобасы қолға алынған болатын. Содан бері қала, аудан, ауыл аймақтарында әр апта сайын тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады. Бүгінгі шараға 300-ден астам адам және 10 техника жұмылдырылды.
«Таза Қазақстан» жобасы елдегі экологиялық жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Тазалық пен тәртіпті сақтау, оны күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналдыру мақсатында «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған шара Бадам өзенінің бойында жалғасты.
Онда 300-ге жуық партия қызметкерлері, ардагерлер, Жастар Рухы, «Jasyl el» еңбек жасағы және бастауыш партия ұйымының өкілдері тазалық жұмыстарын жүргізді. 1 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылып, өзен бойының 2 шаршы шақырым жері тазаланды.
Айта кетейік, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асуда.