• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 30, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО-да жаңа жұмыспен қамту бағдарламасына 64 мыңнан астам азамат қатыспақ

25.01.2017
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын»жүзеге асыру тетіктері мен жолдарын талқылау бойынша жиын өтті.

Елбасының тапсырмасына орай, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген бағдарламаның мақсаты — халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып саналады. Бұл алдыңғы жылдары іске асырылып келген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жалғасы болып табылады.

Бағдарлама «Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету», «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту», «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» сынды 3 бағыттан тұрады.

Мәжілісте бағдарламаның іске асуы бойынша мәлімдеме жасаған облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Темірбаева аталған бағдарлама бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Жаңадан қабылданған бағдарламаның міндеттері мен бағыттарын халық арасында түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін салалық басқармалардың және қаржы институттарының өкілдері енгізілген екі жұмысшы топ құрылып, кестеге сай барлық аудан, қалаларда мәжіліс-семинарлар өтуде. Бүгінге дейін ұйымдастырылған түсіндіру шарасына 1200-ге жуық адам қамтылған»,-деді Ә.Темірбаева.

Оның айтуынша, 2017 жылы бағдарламаға республикалық бюджеттен  13,1 млрд. теңге бөлініп, оған 64,3 мың адамның қатысуы  жоспарланған. Одан бөлек, бағдарлама шеңберінде беріліп келген шағын несиенің көлемі 3 млн. теңгеден 16 млн. теңгеге дейін ұлғайған. Бұл өзгерістер қарапайым халықтың табысын арттыруға үлкен септігін тигізетіні анық. Тек биылғы жылдың өзінде облыста 11 мыңнан астам азамат кәсіби оқумен қамтылуы көзделуде, оның 5 мыңға жуығын тегін кәсіби даярлаудан өткізу жоспарланған.

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі бағдарламаны халыққа кеңінен түсіндіру қажеттігін айтып, жүйелі және кешенді жұмыс жасауды тапсырды. Сондай-ақ, бағдарламамен бекітілген индикаторлардың орындалуы бойынша барлық деңгейдегі әкімдерінің жұмысы бағаланатынын және тұрғындардың жұмыспен қамтылып, табысын арттыруға бағытталған бағдарламаның орындалуы үнемі бақылауда болатынын ескертті.  

Айта кетейік, бағдарламаның бюджеттік әкімшілері ретінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар,  білім, кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм, ауыл шаруашылығы басқармалары болып белгіленген.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.