2024 жылғы 12 маусымда Times Higher Education жоғары білім саласындағы халықаралық рейтинг агенттігі Impact ranking 2025 БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу рейтингісінің жаңа шығарылымын жариялады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл рейтинг алтыншы жыл қатарынан жасалуда және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті көрсетеді.
Рейтингке әлемнің 125 елінен 2152 университет кірді. Әлемдік көшбасшылар – ГФР жоғары оқу орындары. Ең көп ұсынылғандары – Үндістан, Түркия және Пәкістан университеттері.
Қазақстан рейтингте 26 жоғары оқу орнымен ұсынылған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 есе көп (10 жоғары оқу орны).
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті топ-700 (401-600 орын) позициясына көтерілді. Сондай-ақ рейтингке 6 ұлттық ЖОО, 10 мемлекеттік және 9 жеке ЖОО кірді.
Жаңа талдауда деректер континенттер, елдер және университеттер бойынша салыстырылды. Қазақстандық жоғары оқу орындары білім сапасы, гендерлік теңдік және ТДМ мүдделеріндегі әріптестік сияқты негізгі индикаторлар бойынша рейтингке енген.
Министрлік жоғары оқу орындарының ұжымдарын жетістіктерімен құттықтайды және әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен бәсекелестікте одан әрі табыстар тілейді!