ОҚО әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған Еркеғали Әлімқұлов ҚР Парламенті мәжілісінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Оңтүстікте дүниеге келген ол ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінде, Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінде жұмыс жасаған. Тауарлар нарығын мониторингілеу басқармасының бастығы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы болған. Қызметіңіз құтты болсын, ел үшін аянбай еңбек етуіңізге тілектеспіз!
ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК – ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА
Қала әкімі Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен жүздесті. Көшпелі кездесуде халық өздерін алаңдатқан мәселелерді тікелей әкімге жеткізді. Атап айтқанда, баспана, жер және...









