• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Мамыр 26, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА КОРПУСЫН АРАЛАДЫ

07.06.2024
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми онкология орталығындағы жаңа корпустың құрылыс барысымен танысты. Нысан биыл тамыз айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Ғимараттың жалпы ауданы 58 мың шаршы метрден асады. Мұндағы стационар 210 төсек-орынға есептелген. Оның ішінде 24 орын анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімдеріне, 150 орын күндізгі стационарға арналған. Жоспарға сәйкес бұл ауруханада жыл сайын 6 мың науқас емделе алады.

Мемлекет басшысына жаңа корпуста қатерлі ісіктерді диагностика жасауға және емдеуге қатысты әлемдік бірегей технологиялар шоғырланатыны жөнінде мәлімет берілді. Мұнда ғылыми зерттеулер жүргізіп, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен білім беру тәжірибелерін жүзеге асыруға жағдай жасалады.

Жаңа корпус ашылғаннан кейін бұл орталық онкологиялық көмек көрсету бойынша интеграцияланған модель құру ісінде ұлттық үйлестірушіге айналады. Аталған бастамада денсаулық сақтау жүйесіндегі алғашқы буыннан бастап онкологиялық ауруларды емдеуге маманданған барлық медициналық мекеме қамтылады.

Сонымен қатар стационарда бас және мойын онкологиясы, торакальды және абдоминальды онкология, онкоурология, маммология, онкогинекология, остеоонкология және онкогематология орталықтарын ашу қарастырылған.

Мемлекет басшысы ұжым қызметкерлерімен кездесу барысында бұл корпусты салу денсаулық сақтау саласындағы басым міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Жаңа медициналық мекеме құтты болсын. Әлемде мұндай орталықтар өте аз. Бұл біздің аймақтағы медициналық тәжірибе мен ғылымды ұштастыратын озық мекеме болмақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент нысан құрылысының мерзімі мен жоғары сапа стандарттарын қатаң сақтау қажет екеніне назар аударды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА БИЫЛ 6,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА БИЫЛ 6,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Өндірісі мен инфрақұрылымы дамыған Еңбекші ауданына биыл 6,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Қала бойынша инфрақұрылым жағынан алдыңғы қатарда тұрған ауданда...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

БАХТЫБЕК ТАЛҚАМБАЕВТЫҢ СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

БАХТЫБЕК ТАЛҚАМБАЕВТЫҢ СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте арт-терапевт Бахтыбек Талқамбаевтің сурет көрмесі ашылды. Көрменің басты ерекшелігі — автордың «12 сиқырлы шаршы» атты тың жобасы. Аталған әдіс...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.