Елімізде балаларды қорғау күніне орай түрлі мерекелік іс-шаралар өтіп, Шымкент қаласында да легі толастамады. Соның бірі орталық саябақта «Бақытты балғын шақ – жарқын болашақ» атты білім басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шарасы өтті. Шараға, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және қала әкімінің бірінші орынбасары Сәрсен Құранбек, «Аманат» партиясының депутаттары, Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева арнайы қатысты. Қала әкімі қала тұрғындарымен суретке түсіп, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады. Шарада 1300-ге жуық жас өрендер, сахна төрінде өнерлерін көрсетіп, көрермен көңілін шаттыққа бөледі. Орталық саябақ әсем ән мен күмбірлеген күйге және мың бұралған бишілерге, онымен қоса 5000-нан астам балғынның күміс күлкісіне толды.
Шараның мақсаты: Балалар шығармашылығын дамыту, музыка арқылы мәдени және тілдік білімдерін байыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Отанын сүюге, өз елі мен халқының тарихын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу және жас өскінге рухани қолдау таныту,- дейді ұйымдастырушы.
ШЕКАРА ШЕБІ: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Сарыағаш шекара жасағы - еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған шекара жасақтарының бірі болып табылады. Облыс республикамыздың оңтүстік шекарасын қорғауда...