• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Желтоқсан 30, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкенттегі шатқалдарды көгалдандыруға университет ұжымы атсалысады

20.01.2017
0

Бұл туралы бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде өткен «Шымкент қаласының аумағындағы шатқалдарды көгалдандыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында айтылды. Атап айтқанда, облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Шатқал» бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін аталған жоғары оқу орнының ғалым, профессорларымен талқылау барысында университет ұжымы тарапынан облыс әкіміне 5 гектар жер учаскесін бөлу туралы ұсыныс жасалды. Яғни, оқу орнының студент, оқытушылары арнайы бөлінген жер учаскесін көгалдандырып, абаттандыру жұмыстарын міндетіне алмақ. Жиынға ОҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.Отаршиев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Жанбосынов, аталған жоғары оқу орнының ректоры Ж.Мырхалықов және университеттің ғалым, профессорлары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында баяндама жасаған облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы өткен аптадан бастауын алған «Шатқал» бағдарламасы жайлы мағлұмат келтіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен бірге, М.Отаршиев бағдарламаны жүзеге асыру барысында Түркиядағы шатқалдарды дамыту бағдарламасы бойынша түзілген Анкара қаласының өткені мен бүгіні жайлы арнайы дайындалған слайдты үлгі ретінде көрсетті.

Мұнан бөлек, отырыста М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары «Күрделі рельефті жерлердегі және Шымкенттің ыстық климаты жағдайындағы ландшафтық жобалау», «Қалалық ландшафтарды көгалдандырудың экологиялық аспектілері», «Оңтүстік Қазақстан облысының шатқалдарында өсетін өсімдіктер» және «Ағаш және бұтақ көшеттерін Айкөл ауылындағы 80 гектар жерге өсіру питомнигінің жобасы» тақырыптарында баяндамалар оқылып, аталған басқарма басшылығына түрлі ұсыныс, пікірлер жасалды. Нақтырақ айтқанда, оқытушылар құрамы «Шатқал» бағдарламасы аясында қола алынған жер учаскелерін абаттандыру ісінде демалыс орындарына тарихи, мәдени ашық мұражай салу, тек ұлттық кинотуындыларымыз көрсетілетін кинотеатр салу сынды ойларымен бөлісті.

Пікірлерді мұқият тыңдаған М.Отаршиев жиын соңында М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымының ұсынысын оң бағалап, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Еске салайық, таяуда Оңтүстік Қазақстан облысында қала аумағындағы қараусыз қалған шатқалдарды көгалдандырып, қаланың экологиялық ахуалын жақсарту үшін  демалыс орындарына айналдыру мақсатында «Шатқал» бағдарламасы бастауын алып, жүзеге асырыла бастаған болатын. Бірінші кезеңдегі жұмыстар ретінде жалпы көлемі 97 гектар жерде орналасқан 5шатқалдыкөгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оның Тассай тұрғын үй алабында орналасқан бір шатқалына (көлемі 25 га) «Шымсая» атауы беріліп, 2 мыңға жуық ағаш көшеттері егілді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.