Үздіксіз педагогикалық дамудың жаңашыл бастамалары. Осындай атаумен қаладағы «Ботақан» балабақшасында халықаралық форум өтті. Шараның мақсаты — мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің сапалы, жаңашыл бастамаларын іске асыру. Сондай-ақ халықаралық деңгейде өзара тәжірбие алмасу. Толығырақ тілгә бейнематериалында. Балабақша бағдарламасында бүлдіршіндер 5 сала бойынша ұйымдамтырылған оқу ісі әрекетіне қатысады. Бұл дегеніңіз балаңызға тәрбиемен қатар өмірге бейімделуге үйретеді. Ал педагогтер арасында біліктілікті арттырып, тәжірбие алмасу үшін мұндай форум қажет әрі маңызды.бұл форум, бұрынғы форумнан өзгерек. Форматы ерекше. Өйткені педогегтер теориялық тұрғыдан емес, сахналанған дәрістерді мақұл көріпті. Бүлдіршіндер түрлі кейіпкерлерді сомдап, театрландырылған көріністерді де ұйымдастырды. Бұл балабақшада мектепке дейінгі бала саны 380, Жалпы мекемеде 40 білікті педагог жұмыс істейді. Бөбекжайда спорт залы, акт залы, қосымша ойын бөлмелері де бар. Мұнда жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған 16 топ тәрбиеленіп жатыр екен. Ондағы балалар заманауи жайлы бөлмеде ойынын қандырып, білім нәрімен сусындап келеді.
ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР
Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...