ХХVIII қысқы Универсиаданың билет бағасы анықталды. Яғни, күні бүгін «Complete Service» туристік компаниясының мамандары Шымкент қаласының тұрғындарына семинар-кеңес өткізіп, дүбірлі доданы кең көлемде тамашалауға барлық жағдайлар жасалғанын жеткізді. Нақтырақ айтар болсақ, билет құны 300 теңгеден басталып, 3500 теңгеге дейін барады. Ал, студенттерге ұсынылатын билет құны 500 теңгені құрайды. Алайда өзіндік талабы да бар. Яғни өзінің оқып жатқан оқу орынынан анықтама қағаз және студенттік билетінің болуы шарт. Сондай-ақ, осы туристік мекемеден алынған әрбір билет, ұтысқа қатыстырылатын болады. Онда түрлі тұрмыстық техникалар ұсынылса, ал бас жүлдеге екі бөлмелі пәтер берілмек. Сондықтан, әрбір азаматқа елімізде алғашқы рет өткелі отырған дүниежүзілік байрақты бәсекеге қатыса отырып, түрлі сыйлықтарға ие болуына мүмкіндік бар.
ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР
Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...