ҚР Үкіметі жастармен жұмыс жүргізудің төрт бағыты айқындады

ҚР Үкіметі отырыс барысында мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын қарастырды.

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев өткен онжылдықта Қазақстанда жастар саясатын жүзеге асыру үшін заңнамалық және тұжырымдамалық негіздер қалыптастырылып, қажетті инфрақұрылым жасақталғанын баяндады. 2012 жылдан бастап жастар саясаты және жастардың ресурстық орталығы мәселелері жөніндегі басқармалар жұмыс істейді.

Жастар саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар Қазақстанға 183 ел бағаланған Global Youth Development Index 2016 — Жаһандық жастарды дамыту индексінде 61 позицияны иеленуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, сараптамалық бағалаулар мен ұсыныстарды ескере отырып, әрі қарайғы жұмысты бес негізгі бағыт бойынша ұйымдастыру жоспарланған.

Біріншісі. Ауыл және қала жастарының арасындағы мүмкіндіктердің айырмашылығын төмендету, жастарды әлеуметтендіру, олардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру. Осыған байланысты жалпыұлттық жастар қозғалысы жобасын әзірлеу ұсынылады, оның негізгі бағыттары: волонтерлікті, спорттық және шығармашылық жетістіктерді, еңбек дағдыларын дамыту.

Сонымен қатар көшелердегі қарапайым спорттық жарақтар желісін (воркауттар), аула клубтары мен жастарды жаппай спортқа және шығармашылыққа тартудың басқа да аз шығынды түрлерін арттыру қажет. Мұндайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін белсене пайдаланған жөн.

Екінші бағыт – «әлеуметтік лифтілерді» дамыту. Тиімді тетік – «қабілеттерді» анықтап, олардың дамуына жәрдемдесетін шығармашылық бірлестіктер мен одақтар.

Сонымен қатар, ынталандыра отырып, дарынды жастарға мүмкіндіктерді кеңейтіп, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын жыл сайынғы негізде беру мәселесін пысықтау ұсынылады.

Әскери қызмет жағымды рөлге ие, онда жұмыспен қамтылмаған жастарды кеңірек тарту орынды (NEET).

Үшінші бағыт – жас отбасыларға қолдау көрсету аясында – көктемнің бір күнінде еліміздің барлық мектептерінде бір уақытта, ата-аналарға арнап, тәжірибелі психологтар мен өзге сала мамандарының шақырылуымен «Отбасы сағаты» атты жалпыұлттық акция өткізу ұсынылады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың төртінші бағыты — жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік аппараттың кадр әлеуетін арттыру. Осы орайда, жаңа міндеттерді есепке алғанда, жастардың ресурстық орталықтарында әдістемелік база жаңартылатын болады. Бұдан өзге, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған оқыту семинарлары мен тренингтерін өткізуді жалғастырады. Сондай-ақ, студент жастармен жұмыс жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады, бірінші кезекте ол ЖОО мен колледждердің жастарымен жұмыс жасау комитетінен бастау алады.

Аталған жұмыстың соңғы бағыты – ведомствоаралық үйлестіруді күшейту. Соның ішінде, консультативтік-кеңестік органдардың қызметін жандандыру ұсынылады. Соған байланысты Президент жанындағы Жастар саясаты кеңесінің бірінші отырысында Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының іске асырылу барысын қарастырып, ҚР

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жазбалар

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...