• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қыркүйек 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мақтааралдан Өзбекстанға қатынайтын жол ашылатын болды

06.01.2017
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар бойынша Елшісі Ильхом Неъматов кездесіп, қос мемлекеттің туыстық қарым-қатынасын одан әрі жақсартып, дамыту жайын талқылады. Жиынға ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты.

Өңірімізге арнайы іссапармен келген мәртебелі меймандарға алғысын жеткізген облыс әкімі бүгінгі кездесудің жемісті боларына сенім білдіріп, жұмыс тобына сәттілік тіледі.

Күн тәртібінде Өзбекстанның Мақтаарал ауданының территориясында орналасқан М-39 автожолын (887,8 шқ. — 911,9 шқ.)қайта жаңартып пайдалану жайы қаралып, аталған учаскеден өткізу бекетін салу мәселесі сөз болды. Атап айтқанда, бүгінгі күнге дейін 89 шақырым жолды жүріп өтіп, Ташкенттен Самарқанға Жыззақ арқылы айналып өтіп қатынаған тұрғындар енді 24,5 шақырымды басып өтіп, мақсатты мекенге бара алатын болады.

«Автожол қайта жаңарып, пайдалануға берілгенде 65 шақырымдай жол қысқарады. Бұл қос мемлекет халықтарының туыстық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтып, арадағы сауда-саттық пен туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Өзбекстан астанасы Ташкент пен Оңтүстік Қазақстан облысының байланысы күшейе түседі деген үміттемін», — деді ҚР Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Мылтықбайұлы.

        Е.Өтембаевтың айтуынша, шекаралық аймақта арнайы бекет салынып, тауар айналымына бақылау күшейгенімен, салық салынбайды. Қайта жаңғырған автожол 2017 жылдың ақпан айында ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

          Түс ауа жұмысшы топ аталған жоба бойынша екіжақты келісімге келіп, арнайы меморандумға қол қойды. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Р.Скляр мен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар бойынша елшісі И.Неъматовтың арасында түзілген құжат халықаралық экономикалық байланысты нығайтып, тауар айналымын жақсартуға сеп болады деген сенім бар. Аталған мәселе бойынша Қазақстан тарапынан жасалған жан-жақты қолдауларға алғысын білдірген өзбек елшісі бұл қадамның көршілес елдердің ынтымақтастығын арттыратын жақсы бастама екенін атап өтті.  

            Еске сала кетейік, көршілес мемлекеттің Мырзашөл арқылы өтететін М-39 автожолы 2006 жылы жабылып, жергілікті тұрғындардың барыс-келісін қиындатқан еді. Енді жаңадан түзілген меморандум бұл мәселені оңтайлы шешіп, қарым-қатынасты тереңдететіндігі анық.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Ұшатын тәрелкенің орнына үйрек болса қайтер еді? Бірақ мергендер нысана ретінде кішкентай ұшатын табақшаларды көздеп, дәлдікпен атып түсірді. Шымкенттегі «Shooting...

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Шымкентте өнегесімен көпке үлгі болған жанұялар марапатталды. «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауына қатысқан 12 әулеттің ішінен үздігі анықталып, жеңімпаз...

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Елдегі экономиканы дамыту тетігінің бір ұшы- жастарда. Десе де бүгінде жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер арасында өз мамандығымен жұмыс істемейтіндер...

1400 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

1400 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Күзгі әскерге шақыру науқанындағы алғашқы толқын міндетті әскери борышын өтеуге аттанды. Шымкенттен 23 жас сарбаз ел шекарасын күзету үшін Жамбыл...

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Үшінші мегаполисте алғаш рет мемлекеттік қызметкерлер арасында шахмат турнирі өтті. «Government Chess Cup 2026» сайысына түрлі мемлекеттік мекемелерден құралған командалар...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.