Қала әкімінің қатысуымен өткен арнайы жиында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Бүгінде қала аумағында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ретсіз орналасқан базарлардың айналасында автотұрақ, аяқжол, жол белгілері және жол таңбалары, темір жол қоршаулары орнатылып ретке келтірілді. Сонымен қатар қауіпсіздікті қамту үшін көшелерде 2235 жол белгісі орнатылып, 302 жол белгісі қайта қалпына келтірілді. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға халық көп шоғырланатын аумақтардағы жол қауіпсіздігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Нәтижесінде мегаполис жолдарын жүргізушілерге де жаяу жүргіншілерге қауіпсіз ету көзделуде.
ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ
Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...











