Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов инфрақұрылым желілерінің құрылысымен таныстырды. Атап айтсақ, балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңдарының құрылысын көріп шықты.
Аудан аумағында бүгінде 494 көпқабатты үй бар. Олар 155 аулаға біріктірілген.
Қолданыста 128 ойын және 70 спорт алаңдары бар. Аудан басшысының сөзінше, биылғы жылы 34 ауланы абаттандырып, 7 спорттық нысан салуға 1 млрд 460 млн тг бөлінген. Айта кетейік, жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 70 көше орташа жөндеуден өтіп, асфальт төселеді.









