Негізгі мақсаты: көмірсутегі шикізатын барлау және өндіруге бағытталған “Саутс-ойл” компаниясына 20жыл толды. Осыған орай, үшінші мегаполисте халықаралық деңгейде ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында “Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды алабының мезозой және палеозой түзілімдеріндегі алынуы қиын дәстүрлі емес мұнай мен газ кеніштерін іздеу” тақырыбы қозғалды.

Айта кетейік, Шарада Қазақстан Республикасының премьер-министрінің кеңесшісі құттықтау сөзін білдіріп, алғыс хат тапсырды. Салтанатты басқосу 20 жылдық нәтижені баяндап, өндірістік нысандарына барумен ұласты.









