• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ФОРВАРДТЫҚ КЕЛІСІМ КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІН ТҰРАҚТЫ ҰСТАП ТҰР

03.05.2023
0


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін және баға динамикасын тұрақты ұстап тұру мақсатында форвардтық келісімшарттар түзуді тапсырған болатын. Яғни, форвардтық келісімшарт деген – алдағы уақыттың бірінде келісім бойынша келісілген мәміле бағасына сай өнімді сатып алуға — сату жөнінде сатып алушы мен сатушы арасында жасалатын екі тараптық шарт.  Әдеттегідей, жыл сайын маусым кезінде барлық өңірде бағаның «аспандап» кететіні бар. Мемлекет тарапынан бағаны тұрақты ұстап тұру үшін түрлі шаралар қабылданады. Әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақты ұстап тұру үшін сауда орындарымен келісімшарт жасайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін «айналым схемасын» қолдану енгізіле бастады. Схеманың мәні мынада: сауда желілері ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу үшін жеңілдетілген қаржыландыру алады, оның орнына олар осы тауарларды маусымда белгіленген бағамен сатуға міндеттенеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді саудаға емес, басым бағыт ретінде қаржыландыру туралы ұсыныстар бар. Қағидаларға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көкөніс өнімдерін өндіруге байланысты шығындарын алдын ала қаржыландыру үшін пайдалану жоспарланатын «форвард» ұғымы енгізілген. «Көкөніс өнімдерін сатып алуды қаржыландыру форвардтық соманың 70%-дан аспайтын мөлшеріндегі аванстық төлем және белгіленген баға алынып, өнім жеткізілгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу негізінде жүзеге асырылады. Көкөніс өнімдерін сату басталғанға дейін ауылшаруашылық тауар өндірушілерінде немесе басқа қоймаларда сақтау жоспарлануда. Сақтау шығындарын есептеу аймақтағы сақтаудың орташа құны туралы деректерге негізделетін болады. Осыған орай көктем және жаз айларында көкөніс бағаларын тұрақтандыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Колесников», «Сейдахметов» секілді ірі шаруа қожалықтары арасында бірқатар келісімшарттар түзілді. Яғни, ол шаруа қожалықтары, яғни өндірушілер өнім жиналғаннан кейін оның тасымалдау мәселесін келіседі. Мәселен «Колесников» шаруа қожалығы 120 гектар жерге ерте пісетін картоп сортын егіп, 1000 тоннадан астам көкөніс алуды жоспарлаған. Кәсіпкердің ерте көктемнен басталған еңбегінің арқасында қазір егіс алқабындағы өнім ойдағыдай.
Сондықтан картоп бағасын нарықта шекті суммадан асырмау үшін тұрақтандыру қорынан аталған қожалыққа қаражат бөлінді.
Осы келісімшартқа сәйкес шаруа қожалығының өнімдері наурыз, сәуір айларында бір қалыпты бағаны сақтады. Ал алдағы мамыр, маусым айларында да картоп бағасы осы шектен аспайтын болады. Қазір «Колесников» шаруа қожалығының қоймасында 300 тонна картоп және 150 тонна сәбіз бар, олар өз өнімдерін қалаға жақын орналасқан Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «Александр бағы» қоймасында сақтап отыр. Шаруа алдағы уақытта көкөніс өнімдерін ұлғайтуды жоспарлауда.
Сондай-ақ келісімшарт негізінде қалада биылғы жылдың наурыз, сәуір, мамыр айларына 1600 тонна картоп, 1100 тонна сәбіз, 1000 тонна пияз, 1100 тонна қырыққабат бекітілген сауда орындары арқылы белгіленген бағада сатылып келеді.
Бұдан бөлек, күзде пісетін көкөніс өнімдері бойынша 2 000 тонна көкөніске форвардтық шарт түзіліп, 2023 – 2024 жылдары маусымдық кезеңде нарыққа шығарылатын болады. Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен көкөністер бағасын бірқалыпты ұстап тұру мақсатында қала әкімдігі алдағы уақытта кәсіпкерлермен бірге арнайы келісімшарт түзуді жалғастыра бермек.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.