Миллионды шаһарға 5-ші аудан қосылғалы Абай ауданында қазір 250 мыңнан астам халық тұруда. Ондағы 27 елдімекеннің 26-сы ауыз сумен қамтылған, бүгінгі таңда 1 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін Абай ауданының халқы 100% таза сумен қамтылады. Сол сияқты аудан тұрғындарын мазалаған жол, электр жарығы, көгілдір отын мәселесі оңынан шешілуде.
Сонымен қатар, Халық қатысатын бюджет жобасы аясында биыл 15 спорт алаңша және 3 спорт алаңша салынатын болды. Жоба құны 497,5 млн.тг құрайды.
Аталмыш ауданда қоқыс шығару бойынша мәселе жетерлік. Қоқыс үйінділері ауданнан шалғай орналасқан елдімекен аумақтарында жиі кездесіп жатады. Ал Парманов қалдықтың жиналмауының екі себебі барын айтты.
Осылайша бұқараның сенімін ақтайтын Бұхарбай Парманов әлі де маңызды істердің аяқсыз қалмайынтын айтып жиынды қорытындылады.