Ресейлік Ту-154 ұшағы апатқа ұшырады, оның бортында Александров атындағы ансамбльдің әртістері мен тоғыз журналист болған. — деп хабарлайды РИА Новости РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Радарлардан жоғалып кеткен Ту-154 ұшағының бортында РФ Қарулы Күштерінің әскерилері, Ресей Әуе ғарыш күштерінің әуе тобын «Хмеймим» әуе базасында Жаңа жылмен құттықтауға бара жатқан Александров атындағы ансамбльдің әртістері және ресейлік БАҚ-тардың тоғыз өкілі болған», — делінген хабарламада.
Ведомстводағылардың айтуынша, ұшақты іздестіруге РФ Қорғаныс министрлігінің іздестіру-құтқару қызметі және басқа федерал ведомстволарының барлық қызметі тартылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Ту-154 ұшағының Сочиде апатқа ұшырау себебі техникалық ақау немесе ұшу қателігі болған.
Ұшақ бортында жалпы 83 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болған делінеді.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz