• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Наурыз 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

12.04.2023
0

2020 жылы жоспарланған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағының құрылысы бүгінде қарқынды. Осыдан үш жыл бұрын қала әкімі Мұрат Әйтенов Өңірлік кәсіпкерлік кеңесінің отырысында жаңа аймақ туралы мәлім еткен болатын.

«Бүгінде индустриалды аймақта жүзеге асатын құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаның өтінімдері қабылданды. Яғни, биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін салу және сүт өндіру зауытын салу жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар, шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда»,- деген болатын қала басшысы.

Жалпы, Шымкент қаласында индустриалды аймақтың негізі 2010 жылы қаланды. Содан бері олардың қатары көбейіп кәсіп иелеріне үлкен көмек беруде. Нәтижесінде, қала экономиасының дамуына да айтарлықтай үлес қосып келеді. Жуырда да ел экономикасының жыл басынан бері орнықты өсіп келе жатқанына тоқталған Үкімет басшысы есепті кезеңде барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамикаға ие өңірлер арасында Шымкент қаласын атап өткен болатын.

Сондай-ақ, Премьер-Министр өңірлердегі бизнес-бастамаларды қолдау мақсатында Алматы мен Шымкент қалаларының тәжірибесіне сүйене отырып, индустриалды аймақтар мен шағын өнеркәсіптік парктерді дамытуды ұсынды.

Кәсіпкерлерге ыңғайлы, әрі мол табысы бар мұндай аймақтардың қатарын арттыруды көздеген қала әкімі осыдан үш жыл бұрын ұсынған тамақ өнеркәсібін дамытатын аймақтың инженерлік инфрақұрылымы жұмысымен танысу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов аймаққа арнайы барды. Қазір «Қайнар бұлақ» тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
132,9 га алып жатқан индустриалды аймаққа қазір су, кәріз жүйелері жүргізу жұмыстары белең алуда. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға қосалқы станцияны іске қосып, кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтуды тездету қажеттігін ескертті. Сондай-ақ инфрақұрылым жүйелерін биыл 90 пайызға аяқтауды тапсырды.
“Мемлекет басшысы импортқа тәуелділікті азайтуды тапсырған болатын. Аймақта жергілікті өнімдерді терең өңдеуден өткізетін кәсіпорындар шоғырланады. Бұл қаламыздағы алғашқы агроиндустриалды аймақ болып құрылады” – деді қала әкімі.
Биыл іске қосылатын индустриалды аймақта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 29,5 млрд теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Мұнда 1 жарым мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады.
Сондай-ақ қала әкімі «Қайнар бұлақ» шағын ауданының инфрақұрылымымен де танысты. Мұнда қазір елдімекенді табиғи газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Газдандыру құрылысы алдағы жылы аяқталады. Нысан толық пайдалануға берілгенде 28 мыңнан астам абонент табиғи газға қосылады.

Ал, өткен аптада жұмыстарды одан әрі жетілдіру мақсатында Әйтенов арнайы жиын өткізді. Жиын барысында индустриалды аймақтардың  инфрақұрылым жүйелерін дамыту жұмыстары туралы айтылды. Басқосуда бизнеске қолайлы жағдай жасауда атқарылған жұмыстар баяндалып, өзекті мәселелер талқыланды.

Қазір қаладағы «Жұлдыз», «Бозарық», «Тассай» индустриалды аймақтарына  инфрақұрылым жүйелері тартылуда.  Ауыз су, электр және табиғи газ, кәріз жүйелерінің құрылысы өндістік кестеге сай жүргізілуде. Сондай-ақ, сауда логистикалық орталығының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, техникалық-экономикалық негіздемесі жасалуда.

Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауда атқарылып жатқан шаралармен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға аймақтардағы жұмысты үйлестіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

“Кәсіпорындар электр қуатын тиімді пайдалану қажет.  Қолданылмайтын қуат көздеріне шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізіңіздер. Өндіріс орындарын аймақтарға шоғырландыруды жүйелі ұйымдастыру керек” – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті басқарма басшыларына теміржол тұйығын жүргізуді ұйымдастырып, құрылыс талаптарын бақылауды тапсырды. Қала әкімі екі аптадан кейін  кесте бойынша индустриалды аймақтарды  аралап,  құрылыс барысын тексеретінін жеткізді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін...

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
23.02.2026
0

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.