23 желтоқсан күні «Нұр Отан» Партиясы төрағасының бiрiншi орынбасарының бұйрығымен «Нұр Отан» партиясы Оңтүстiк Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары болып Құртаев Әлімжан Сейтжанұлы тағайындалды. Оны облыс әкiмi, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасы Жансейіт Түймебаев саяси бюроның мәжiлiсiнде арнайы таныстырып, бiрқатар мiндеттер жүктедi.
1958 жылы 10 қазан күні Отырар ауданы, Темір ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы — инженер-құрылысшы, техника ғылымдарының докторы. Еңбек жолын «Югстройконструкция» тресінің мастері, аға инженері болып бастаған. Кейін аталған комбинаттың директоры, Арыс қалалық әкімшілігінің басшысы, 1995-1999 жылдары Арыс қаласының әкімі, 1999-2000 жж. ОҚО әкімінің орынбасары, облыс әкімінің кеңесішісі, 2003-2004 жж. ОҚО көші-қон және демография жөніндегі басқармасының бастығы, «Оңтүстікқұрылыссервис» ЖШС директоры болып еңбек еткен ол Отырар және Еңбекші аудандарының әкімі қызметінде болған. Іскер азамат, білікті басшыны жаңа қызметінен құттықтай отырып, алдағы жұмысыңызға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!