«Еңбек әйелдері әлеуметтік салада»: Жастар ресурстық орталығында осындай атаумен психологиялық кездесу өтті. Оқушылар мен студенттер жиналған басқосуда әйелдің қоғамдағы ролі мен олардың әлеуметтік салада атқарған жұмыстары сөз болып, мәселелері талқыланды.
Әйелдердің қоғамда алар орны зор. Әсіресе олардың әлеуметтік орталықтардағы қызметі мен сіңірген еңбектері орасан. Бүгінде әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырлыған жиында Шымкент қалалық әйелдер кеңесінінің төрайымы мен мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары Қоғамдық бірлестігінің төрайымы сөз алып, жастарға тәрбие беру саласына тоқталды.
Отбасыдағы тәлім-тәрбие мен қоғамдағы белсенділігі қатар жүретін әйелдер қауымының қадыр-қасиеті қашанда жоғары.Дәстүрлі дала мәдниетінде әйелдер өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретінде әлеуетін түрлі салада, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеуде де атсалысып келеді. Осындай игі істерін көпшілікке насихаттау мақсатында өткен жиында сала жетекшілері бас қосты. Конференцияда түрлі өзекті мәселелер талқыға салынып, бастамалар сөз болды.










