Шымкентте «Шежіре күні» аталып өтті. Шара барысында, ұлттық құндылықтар ұлықталып, дәстүрлер дәріптелді. Шымкент қалалық орыс драма театрының алдынан басталған мерекелік жиында Шымкент цирк ұжымы мен мәдениет мекемелерінің әртістері өнер көрсетті. Салтанатты шараны тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтары Әл-Фарабидан бастап, шығыс шайырлары, Айылайханның дәуірін, Домалақ ана мен Қыз Жібектің образдарын тамашалады. Әр заманның сән-салтанатын көрсеткен Ұлылар көші Арбат алаңымен жүріп өтіп, қала көшелеріне аттанды.
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ АРТЫП, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар...










