Дәл қазіргі уақытта Шымкент қаласының аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. дегенмен бұл айда Қазгидрометтің хабарлауыншс, жауын шашын мөлшері нормадан көп жауады деп болжанып отыр.Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары баяндады. Айтуынша, тасқын суды қабылдау үшін су қоймалары жеткілікті дейді. Сондай- ақ апатты жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар жұмыстар жасалынып, арнвйы жоспарлар ұйымдастырылған. Яғни табиғат тосын мінез танытса Департамент және азаматтық қорғау мүшелерінің қызметтері күшейтілген түрге өткізіледі екен. Департаменттің дағдарыс жағдайлар орталығында азаматтық қорғау мүшелерінің кезекшілік ететін штабы ұйымдастырылып, үйлестіру жұмыстары уақытылы атқарылады дейді.









