Қазақстанда зейнетақы төлемдері жыл сайын өспек. Ел Президенті Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылылған болатын. Осыған орай 2023 жылдан 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін арттыру көзделіп отыр. Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін артпақ көрінеді. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы мәлімдеді. Мұнан өзге шаһардағы әлеуметтік саладағы оң өзгерістер мен тың ақпараттарды тілге тиек етті.









