Ағымдағы жылдың 15-19 наурызы аралығында Ктаар мемлекетінің Доха қаласында «Агротех Катар-2023» ауылшаруашылығы өнмдерінің халықаралық көрмесі өтті. Агроөнеркәсіп кешеніне шетелдік инвестиция тарту, ауылшаруашылығы тауар, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің экспорттық әлеуеті мен ғылыми мүмкіндіктерін арттыру, 60-тан астам мемлекетпен ынтымақтастық орнату, жаңа инновациялар мен технологияларды енгізу бағытында өтетін көрмеге шымкенттік кәсіпкерлер де қызығушылық танытып, өз өнімдерін көрмеге қойып саудалауды жөн санады. Яғни, жергілікті агроөнеркәсіпорын өнімдері халықаралық көрмесіне қойылды. Кең ауқымды шараға әлемнің 52 елінен делегациялар шақырылған. Шымкент тауарларына арнайы бөлінген «Ontustik onim» павильонында ет, сүт, ұн өнімдерімен қатар, сусындар, консервілер, көкөністер мен жеміс-жидектер саудалануда. Шетелдіктер әсіресе, бал, джем, сыр өнімдеріне қызығушылық танытып, жаппай сатып алуда.
Шымкенттік делегация шет мемлекеттермен әріптестік байланысты нығайту, қаланың экспорттық әлеуетін арттыру, инвестиция тарту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында мегаполистің агро саласындағы мүмкіндіктерін таныстыруда.










