Премьер-Министрдің орынбасары — ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың бұйрығымен Ержан Айнабеков ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер – Министрнің баспасөз қызметі.
Е. Айнабеков — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ғалым агроном.
ҚР АШМ құрылымындағы еңбек қызметін 1999 жылы министрліктің аумақтық басқармасынан бастады. 2001-2006 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында министрліктің аумақтық басқармасына басшылық етті. Кейін М. Жұмабаев атындағы ауданды, содан соң СҚО-ның Айыртау ауданын басқарды.
2010 жылдан бастап министрлік құрылымына қайта оралып, АӨК-тегі МИК-тің Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясына жетекшілік етті.
2013 жылдан бастап ҚР АШМ АӨК-тегі МИК-тің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ басшысы болып қызмет істеді.
Е. Айнабеков мерейтойлық медальдармен және І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапатталған.