• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 29, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МИНИСТР С.БРЕКЕШЕВ ШЫМКЕНТ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.11.2022
0

ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев Шымкентке іс-сапармен келіп, үшінші мегополис жұртшылығымен кездесті. Жүздесу барысында, Министр қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселелерін қозғап, атмосфералық ауа мен су ресурстарының ластануы жайлы баяндама оқыды. Өз кезегінде, қала тұрғындары Шымкенттегі экологиялық ахуал жайлы сауалдарын қойып, өздерін толғандырған мәселелерді қозғады.    

Ел президентінің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік органдардың басшылары әр өңірдің халқымен кездесулер өткізіп жатқаны белгілі. Осындай кезекті жүздесулердің бірі ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрінің қатысумен Үшінші мегополисте өтті. Серікқали Брекешев алдымен еліміздегі экологиялық жағдай жайлы баяндама оқып, атқарылған жұмыстармен бөлісті. Су және орман шаруашылығы мәселелеріне тоқталған министр су ресурстарын басқару жүйесін қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді. Бұл ретте су заңнамасы мен дипломатияны жетілдіру көзделіп, жаңа су кодексі жобасы әзірленіп жатыр екен. Серікқали Брекешевтің сөзінше, аталған заңнама сәйкес су ресурстары комитетінің және ғылыми ұйымдардың әлеуетін арттыру мен кадрларды даярлау бойынша нақты шаралар  жүргізілмек. Ал су шаруашылығы инфрақұрылымын құру, табиғи су объектілерін сақтау мен су тарифтері бойынша мәселелер қайта қарастырылатын болады.

Министрдің айтуынша,  Шымкент қаласындағы ірі ластаушы өндірістік орындардың бірі — «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу зауыты болып табылады. Алайда бұл бойынша зауыт ұлттық жоба аясында атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын 2025 жылға дейін 20 пайызға төмендету жолға қойып отыр екен. Бүгінде бұл жөнінде жобалық материалдар келісу сатысында тұрған көрінеді. Кездесу барысында қала тұрғындары жасыл желекке қатысты өз ойларымен бөлісіп, А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың мәселесін көтерді.  Жиын барысында, қала ішіндегі өзендердің ластануы сөз болды. Тұрғындардың бірі аталған мәселенің түйінін шешу қажет екенін айтып, тез арада тиісті шаралар қабылданбаған жағдайда түрлі эпидемиялогиялық жағдайларға алып келу қауіпі бар екенін атап өтті.

Министрдің өзі атап өткен қаланың ірі ластаушыларының бірі — «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу зауыты тұрғындарға да қолайсыздық туғызуда. Өндірістік орынның іргесінде орналасқан елді-мекен халқы ауыл ішін жағымсыз иіс қаптағанын айтып, Серікқали Брекешевке сауал жолдады. Жалпы қала тазалығын ұстау экологиялық жағдайлардың алдын алу жолындағы басты қағидаттардың бірі екені белгілі. Мемлекет тарапынан тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты тиісті шаралар да қабылданған. Десе де қоқыстарды сұрыптайтын мекемелерде түйіткілде мәселелер әлі де болса жетерлік.

Экологиялық әлеует қозғалған жиында министр барлық жолданған сауал бойынша міндетті түрде мониторинг жүзгізілетінін айтты. Тұрғындардың өтініштері негізінде хаттама толтырылып,  мәселелерді шешу жөнінде іс-қимыл жоспары әзірленентінін алға тартты. Әрмен қарай,  Түйіткілді мәселесі тарқатылмай жүрген тұрғындар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевпен жеке тілдесуге мүмкіндік алды. Жалпы жиын қорытындысы бойынша министр үшінші мегополис жұртшылығын талап-тілегін ескеріп, оларды шешу жолында ауқымды жұмыстар жоспарланады деп сөз берді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ АРТЫП, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ПЕН ОҚИҒАЛЫҚ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің туристік әлеуетін тиімді пайдалану, өңірлердің тартымдылығын арттыру және ішкі туризмді дамыту мәселелеріне айрықша мән беріп...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТӨЛЕНЕДІ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Мемлекет басшысы жүктеген әлеуметтік міндеттер аясында балаларды қолдау шаралары жалғасуда. Шымкент қаласында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және ата-анасының...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ЖАҢА ӨНДІРІС, ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Мемлекет басшысының инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі тапсырмалары аясында қала шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуде Қазақстанның жаһандық инвестициялық дөңгелек үстелі (KGIR-2026) аясында...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

САЯБАҚТАР СПОРТТЫҚ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Шымкентте тұрғындарды бұқаралық спортқа тартуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «SHYMKENT PARK LEAGUE» жаңа жобасы іске қосылады. Бастама қала...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

  IX Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында $4,8 млрд болатын 22 құжатқа қол қойылып, мегаполистің өндірістік, көлік-логистикалық және кәсіпкерлік әлеуеті...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.