Бүгінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық әрекеттері азаймай отыр. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысында айтылды.
Өңірде кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау үшін еліміздің бас прокуратурасы 4 мыңға жуық тексеру жүргізген. Соның аясында 3 мыңнан астам заң бұзу дерегі анықталыпты. Былтырғы жылдың есебін шығарған прокурорлар осылай деді. Комиссия отырысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық, жасөспірім қыздар арасында ерте жүктілік, мүгедек және жетім балаларға көмек беру мәселелері талқыланды. Бұған қоса балалардың құқығына қатысты міндеттемелерді орындамаған отбасыларға шаралар қабылдау, сабаққа қатысуын бақылау, жан жақты сараланды. Отырыс қорытындысында құқық бұзушылықтың соңы, қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатыны жайлы айтылды. Осы ретте, қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан өңіріміздің барлық білім ордаларында түсіндіру тәрбие жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ
Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...











