Әскери борышын өтеген азаматтар мемлекет есебінен тегін білім алад. Бұл жайында Шымкент қаласы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев баспасөз брифингінде мәлімдеді. Спикердің сөзінше, мерзімді қызметін өткерген сарбаздар мен сержанттарға әсери бөлімдерде де қызметте қалуға мүмкіндік берілмек.
КСМ: Биылдан бастап әскери борышын өтеуге аттанған сарбаздар келер жылы ҰБТ тапсырмай-ақ, ақысыз негізде білім алад. Оларға еліміздегі 50-ге жуық ЖОО-на түсуге мүмкіндік беріледі. Дегенмен алмақтың да , салмағы бар демекші бұл мүмкіндік жауынгерлік даярлықта тәртіпті және жоғары нәтижелерге қол жеткізген жекелеген әскери қызметшілерге бұйырмақ.
2022 жылың мамыр айында әскерге шақырылушы азаматтармен төтеншеліктер жүйелі жұмыс жасап, ҚР ТЖМ-ның Азаматтық қорғаныс әскери бөліміне 40 жуық сарбаз аттанды. Олар Алматы облысы, Ұзынғаш қаласындағы әскери бөлімде борышын өтеуде. Келесі шақырылым 2023 жылдың бірінші тоқсанына жоспарлануда.
Айта кетейік әскери мерзімді қызметін өткерген сарбаздар төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.