Бүгін Шымкентте Бәйдібек би-Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жол айрықтың бір бөлігі ашылды.Яғни, қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында, Бәйдібек би даңғылымен солтүстіктен-оңтүстік бағытта қозғалатын көліктерге Арғынбеков көшесіне батыс бағытта оң жақ бұрылу жолы көлік қозғалысына берілді . Бұл тұста Шымкенттің жол патрульдік полиция қызметкерлері жолайрықтың ашылуы — кептелістердің азаюына ықпал жасап, апатты жағдай қауіпін сейілтетінін алға тартып отыр.
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ АРТЫП, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар...










