Шымкентте мектеп директорлары арасында екінші рет пікірсайыс турнирі өтті. Шараға қаламыздың 30 дан астам білім ордаларынан командалар қатысты.Бұл турнирден күтілетін нәтижелер көп дейді, ұйымдастырушылар. Бүгінде білім беру мәселелерімен жалпы қоғам таныс. Ең көп сыналатын, ең көп мін тағылатын саланың бірі де осы. Көш жүре келе түзеледі дегендей, мәселелерді көпке созбай, жөнге келтіру керек. Мектеп басшылары осы мақсатта бас қосып, дебат форматында пікір алмасты. Дебат притам форматында ұйымдастырылған. Яғни, қатысушылар екі жақ тараптың да, көзқарасын дәлелдеуге тырысады. Талқыға салатын тақырыптарды, дебат алдында ғана белгілі болады. Бұл пікірсайыс жалпы аргументтердің молдығымен, келтірілген уәждің дәлелділігімен ерекшеленеді. Дебат бір ғана саланың мәселесімен шектелмей азаматтық қоғамның да мәселелерін талқыламақ. Шараға 16 команда қатысып өзара бақ сынауда. Бүгін түске дейін іріктеу кезеңі өтеді. Жартылай финал және финалдық кезең түсқайтаға жоспарланған. Сондай-ақ, турнирге қатысушыларға арнайы кофе брейк ұйымдастырылды.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...











