“ОТБАСЫ БАНК” АҚ-ның САЛЫМШЫЛАРЫНА 10% көлемінде өтемақы төленеді. Бұл туралы филиал басшылары арнайы брифингте мәлімдеді. Өтініштер онлайн түрде баспана маркет порталында, қаңтар айының 1-не дейін қабылданады. Әр салымшыға өтемақы сомасы есептеледі. Айта кетерлігі бұл қаражатқа тек депозитте ақша салып жатқандар ғана емес, аралық немесе алдын ала займ алғандар да қол жеткізе алады. Қазақстандық банктер жеке тұлғалардың 2022 жылғы 23 ақпанына дейін, ашылған теңгедегі депозиттері бойынша, 10 пайыз көлемінде өтемақы төлеуге өтініш қабылдауда. Өтемақыны алу үшін салымшылар 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өтініш-келісім беруі керек. Бұл деген сөз, 10% көлемінде өтемақы төленетін ең жоғарғы сома 20 млн теңгеге тең. Спикердің сөзінше өтемақы есептелгенге дейін, депозитін сақтаған салымшыларға өтемақы төленеді. Салымды бөлу арқылы ақша депозиттен ішінара алынған болса, онда өтемақы жинақталған салымның ең аз қалдығына есептеледі. Егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу, оның iшiнде үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша, депозит қамтамасыз ету ретiнде берiлген салымы болса, онда ол да тиiстi өтемді алады. Жақын туыстарға (тегін) тағайындалған салымдар, сондай-ақ бiрiктiрiлген депозиттерге де өтемақы беріледі.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...











