Дінбасы Әл-Фараби кітапхана қабырғасындағы келелі істермен танысып, тағылымды кездесу өткізді. Мәртебелі мейманның маңызды сапары, кейбір жағдайларда қазақтың ежелгi салт дәстүрі мен ғұрыптарын харам санап бұрмалап жүргендердiң алдын алу. Жиын барысында, тараптар өңірдегі діни ахуал, теріс ағымдармен жұмыс, той өткізу, ажырасу мәселелері төңірегінде ой қозғап, ортаға салды. Діннің елдегі тұрақтылықты сақтауда орны ерекше. Бұл орайда бірлестік тарапынан атқарылып жатқан бастама, ел тыныштығы, бірлігі үшін жасалуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдында, қарыштап дамыған қоғамда, адам санасын улайтын шабуылдардың алдын алу мәселесі тұр. Жиын барысында той өткізу мәселесі талқыланды. Тойдағы анайы әрекеттер, шеттен шығу мәселелерін, той ұйымдастырушы тамадаларға, тойды мәдениетті түрде өткізуге үндеу жасады.
Сонымен қатар екіжақты жүздесуде қалада салынып жатқан жаңа мешіттер мен медреселердің қазіргі ахуалы сөз болды. Қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов басқа діни ағымдағы өкілдерді алып тастап, заң жүйесіне өзгеріс жасауды өтінді. Осы сапарда Наурызбай қажы Тағанов жергілікті иман жастары, азулы асабалар мен жиын өткізеді. Сондай-ақ, бас мүфти бас имамдармен қаладағы діни ахуалды талқылап, бірқатар тапсырмалар берді. Ал, бүгін діни басқарма төрағасының Шымкенттегі жұмыс сапары жалғасады.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...










