• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Мамыр 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“AGRITEK SHYMKENT’2022” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ САЛА ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

16.11.2022
0

Ауылды өркендетудің басты факторы агроөнеркәсiп кешенiн тұрлаулы әрi серпiндi дамыту және оның экономикасын осы заманғы нарық қағидаттары негiзiнде шапшаң iлгерiлету болып қала бередi. Еліміз егемендігін алған сәттен бастап нарықтық экономикаға көшті. Сол кезеңдегі дағдарысты еңсерудің басты жолы бағаны ырықтандыру еді. Ал екінші атқарылған іс-жекешелендіру болатын. Аталмыш үрдістің оң да теріс те әсері болды. Мәселен, өндіріс ошақтары жекенің меншігіне өтіп жаңа тынысын аша бастаса, ауыл шаруашылығын жекшелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Себебі, дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке қожалықтар басқа халықты асырамақ түгілі, өз-өзін зорға қамтамасыз етіп отырды. Үкіметтің 1996-1998 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы бұл салаға айтарлықтай өзгеріс алып келмеді. Тек 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2030» ел дамуының Стратегиялық бағдарламасын жариялап, Жолдау негізінде әлемдік нарыққа шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кіру қамтамасыз етілді. Нәтижесінде экономиканың барлық салаларында оның ішінде әсіресе ауыл шаруашылығында  жеке меншік сектор басым бола түсті. Мемлекет тарапынан шаруаларға көрсетілген көмектің нәтижесінде шаруалар өркендеді.

Тәуелсіздік кезеңінде тоғыз бағдарламалық құжат әзірленді, олардың негізінде АӨК саласындағы мемлекеттік саясат іске асырылды:

1991 – 1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған «Ауыл» әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, АӨК-ні дамытудың 1993 – 1995 және 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған тұжырымдамалық бағдарламасы, Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың 2000 – 2002 жылдарға арналған бағдарламасы, 2003 – 2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы, Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, АӨК-ні тұрақты дамытудың 2006 – 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы, ҚР АӨК-сін тұрақты дамытудың 2006 – 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасы, АӨК-ні дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама және ҚР АӨК-сін дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы.

Ал агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болса Елбасының 2016 жылғы  9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарына және «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес әзірленді.

Шымкент қаласында ауылшаруашылық саласы  тәуелсіздік жылдары  тоқырауға ұшырамай  қайта сатылап дамыды. Нәтижесінде,  аталмыш саланың барлық индикаторлары соңғы жылдары жоғарғы көрсеткіштерге ие болды. Агро саланың мал, құс, егіншілік, бау, жылыжай түрлерін дамытып бүгінде балық шаруашылығына да ерекше көңіл бөліп отыр. Ал агроиндустриалдық аймақ мегаполистің халқын азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, экономикасын дамытуға да айтарлықтай үлес қосы келеді.

Жуырда қалада “AgriTek Shymkent’2022” ауыл шаруашылығының ІХ халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті. Бүгін көрме аясында өткен конференцияға қала басшысы М. Дүйсенбекұлы арнайы қатысып, сала көшбасшыларымен пікір алмасты.

Урбанизациясы мен агломерациясы күн санап өсіп келе жатқан үшінші мегаполис — еліміздегі ауылшаруашылық үшін қолайлы аймақтардың бірі. Мұны ескерген шаһар басшысы егіс егіп, өнім өндіруде алыс-жақын шет елдердің озық технологияларын үйреніп, тәжірибеде іске асыру қажеттігін де қаперге ілді.

Сөз соңында жемісті еңбек етіп, ауыл шаруашылық саласын өркендету жолында тер төгіп жүрген қатысушыларға табыс тіледі.

— Жемісті жылдың жетістігін паш ететін барлық ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін шаруаларға, кәсіпкерлерге зор алғысымды білдіремін. Дихандарымыздың, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің  жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды,-деді әкім.

Айтып өтейік, көрме қараша айының 9-11 күндері аралығында жалғасады. Қазіргі таңда мұнда ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары, суару және тыңайтқыш технологиялары, тұқымдар мен көшеттер, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялар, сондай-ақ ветеринариялық технологиялар қойылған. Жалпы еліміздің және Корея, Ресей, Түркия сынды басқа да 50-ден астам мемлекеттің экспоненттері ұсынылып отыр.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары сіздерді Назарбаев даңғылы 12 “Көрме орталығы” ғимаратында күтеміз.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Тел: +7(727) 344 00 63

e-mail: agri@intexpo.kz

www.agrishymkent.kz, www. Intexpo.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.