Шымкентте «Халықаралық сауда» орталығының тұсау кесер рәсімі өтті. Оған шаһар басшысы Мұрат Әйтенов және зиялы қауым өкілдері қатысты. Ауқымды шараның мақсаты орталық құрылған аумақтың экономикалық әлеуетін арттыру болып табылады.

Бүгінде Әлемдік сауда орталығы жер шарындағы 100 мемлекетте қарқынды жұмыс істеуде. Ол арқылы 750 мыңнан астам компания және миллиондаған тұлға өзіне қажетті қызметін алған. Ал дәл осы жобаны үшінші мегаполисте жүзеге асыруының басты себебі, мұнда инфрақұрылым дамыған.
Аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында ҚР-ның, Орталық Азия мен Ресейдің тұтынушыларын бір аумақта біріктіруге мүмкіндік туады. Бұл арқылы әлемдік сауда орталықтарымен үйлесімді сауда жасауға қол жеткіземіз.









