Республика мерекесін тойлау жалғасып жатыр. Осы орайда Арбат саябағында арнайы концерттік бағдарлама мен көрме ұйымдастырылды. Шараның мақсаты халыққа мәдени мекемелерді кеңінен таныстырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Шымкент қаласы әкімдігі, мәдени тілдерді дамыту архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Арбат алаңында мерекелік шара өтті. Мұнда Шым шаһардың жасы мен, егде тартқан қартынан да, қуаныштың күйін сезінуге болады. Халыққа көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған шарада, театр актерлары, түрлі көрме орталықтары, сондай ақ қуыршақтар керуені, ашық аспан астында тұрғындардың көп жиналатын аумағында өз өнерлерін көрсетіп, театрға саяхаттаудың мүмкіндігін сыйлады.Шарада ұлттық киімдерден бастап, күмістен жасалған әшекей мен өзгеде қолөнер туындысын табуға болады. Қонақтарға түрлі тәттілер, тағамдар үлестірілді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...











