Шымкентте қазақ күресінен жастар арасында республикалық турнир өтуде. Боз кілем балуандары сайыста қала әкімінің кубогын сарапқа салады. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200 қатысушы бақтарын сынап, өзара белдесуде.
КСМ: Кіл мықтылар бас қосқан сайыстың ашылу салтанатында алдымен Шымкент қаласының әкімі сөз алды. Мұрат Әйтенов турнир саңлақтарына сәттілік тілеп, жасөспірім спортшылардың шаһар спортына қосқан үлесін тілге тиек етті. Ал өз кезегінде Қазақ күресі федерациясының президенті Балтабай Тасболатұлы барлық балуандарды жеңіс тұғырынан көруге ниетті екенін жеткізіп, турнир шымылдығын ашты.
Боз кілемде белдескен жасөспірімдердің жеңіске деген ынтасы ерекше. Себебі мұнда бабы мен бағы келіскен шынайы спортшы ғана жеңімпаз атанады. Осындай байрақты бәсекелерде бағын сынап жүргендердің бірі- Арнұр Қожабеков. Ол қазақ күресін жанына серік еткелі біршама уақыт болыпты. Бүгінде бірталай сайыстарда топ жарып, үздіктер қатарынан көрініп келеді. бағын сынап, қала әкімінің кубогына таласуға бел буып отыр. Айта кетсек, Шым шаһардағы республикалық турнир 3 күнге созылмақ. Сайысқа еліміздің әр аймағынан келген 120-жуық спортшы мен 15 құрама белдесуде. Ал турнир 10 салмақ дәрежесі бойынша нағыз мықтыларды анықтайтын болады.










