Мегаполисте «Шымкент май» кәсіпорынының жұмысшыларымен кездесу өтті. Алқалы жиында қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Рүстем Ашетаев жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, бұқараның тұрмысын түзеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар легіне тоқталды. Басқосуға жиналған азаматтар жолдау жайында өз пікірлерін ортаға салып, толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.










