«Шымкент қаласының энциклопедиясы» оқырманға жол тартты. Жазушы һәм тарихшы Момбек Әбдіәкімұлының кезекті туындысы қала тарихынан бастау алады. Кітап жалпы екі бөлімнен тұрады. Оған шаһар дамуына айрықша үлес қосқан 600-ден астам азаматтың өмір дерегі берілген. Салтанатты шараға мегполис әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, ақжарма тілегін арнады.










