Шымкенттік прокурорлар халыққа құқықтық көмек көрсетуді жалғастыруда. Күні кеше елімізде бастау алған ауқымды шара шаһар басшысының тұрғындарды жеке қабылдауымен тұспа-тұс келді. Ашық форматтағы басқосуға келген бұқара өздерін толғандырған мәселелерін прокуратура өкілдеріне қойып жауап алды.

Акция аясында атқарушы топ мүшелері тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Жиналған жұрттың басым бөлігі әлеуметтік сала жайын қаузады. Қалалық прокуратура орынбасары Ержан Мараттың айтуынша таңнан бері 500-ден астам азамат өз талап-тілегін жеткізген. Халықты әурелемеуді мақсат еткен құзырлы органдықтар, мұндай форматтағы жиындардың тиіміділігі орасан екенін айтып, ағынан жарылды.
Алқалы жиынға келген азаматтарға консультативтік және құқықтық көмек көрсетілді. Ал өзекті мәселелер жіті зерделеніп, 15 күн мен бір ай аралығында өз шешімін табады.









