Шаһарымызда әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтар қатары артқан. Бүгінде бұқараның тұрмысын түзеп, қоғамға бейімдейтін мекемелердің саны 14-ке жетіп отыр. Оларға мемлекет тарапынан ұдай жағдай жасалып, материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді.
Баспасөз брифингінен соң қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен мегаполисіміздегі 4 мекеменің жұмысымен таныстық. Әуелі «Аялы алақан» атты орталыққа табан тіреп, қызмет алушылардың жай күйін бағамдадық. Аталмыш орталық үш жастан он сегіз жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған. Мекеме жартылай станционарлық қызмет көрсететі. Онда 110 жуық жеткіншектер ем қабылдауда.
Оңалту орталығынан кейін 600-ден астам азаматшаға «балық емес, қармақ» беріп отырған мекемеге табан тіредік. Бұл «Бақытты жанұя» орталығы. Мұнда қиын жағдайға тап болған әйелдер келіп, өз өмірлерін қайта қолға алуына мүмкіндік мол. Кәсіп қыры мен сырын игерген нәзік жандылар игі істің бастамашыларына алғыстан басқа айтарымыз жоқ-дейді. Айталық аталмыш мекемеде 20 бағыт бойынша қызмет көрсететі. Сондай-ақ сан алуан қысқа мерзімдегі курстар өткізіледі.

Айнұр Рүсемова көпбалалы ана. Екі қолға бір күрек іздеп аталмыш орталықтан қолдау тапқан азаматшаның бүгінде тұрмысы түзеліп, өз секілді нәзік жандыларға тігін өнерін үйретуде. Бүгінде оның қолынан киімдер, құрақ көрпешелер тігіліп, сатылымға да шығып үлгерген.
Аталмыш мекеменің жұмысымен жіті танысып, ондағы бұрымдылардың жасап жатқан істерін мұқият бақыладық. Бірі тәтті жасауды меңгерсе, енді бірі сұлулық саласында еселі еңбек етуде. Бүгінгі таңда мұндай орталықтың қаламызда бір ғана нүктесі бар. Игі іс бастамашыларының айтуынша алдағы уақытта шаһарымыздың өзге де аудандарында әлеуметтік бейімдеу орталықтары бой көтереді.









